Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде кәсіптік бағдар бойынша 2019 жылы 24 сәуір күні 9а,б,в сынып оқушыларына «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар» колледжінің оқытушысы Мұхтар Мейіржан Айболұлы түсіндірмелі жұмыс жүргізді: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме «Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі» 1930 құрылған, республикадағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі ең тәжірибелі оқу орындарының бірі болып саналады. АМККК де оқудың артықшылықтары:
- Жоғарғы деңгейдегі материалды – техникалық база;
-Заманауи интерактивті-мультимедиялық жабдықталуы;
-Спорт – сауықтыру кешені;
-Оқу шеберханалары, акт залы және асхана;
-Қонақ үй тектес жатақханалары;
-Электронды және оқу залымен қамтылған кітахана;
-Түлектерді жұмыспен қамту;
- Қысқартылған бағдарламамен жоғарғы оқу орнында білім алуды жалғастыру мүмкіндігі;
- Әскер қатарынан босатылуы;
- Қызықты студенттік өмір;
Мамандық түрлері:
- «Теміржолдың электрмеханикалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», біліктілігі «Электромеханик»
- «Теміржолды тартуға арналған жылжымалы құрамын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
- «Вагондар мен рефрижератрлары жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөндеу » . Біліктілігі: «Техник-электромеханик»
- «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы». Біліктілігі: техник-жолшы-құрылысшы
- «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» . Біліктілігі: «Электромеханик»
- «Теміржол көлігіндегі тасымалды ұйымдастыру жне қозғалысты басқару». Біліктілігі: Техник-тасымалды ұйымдастыру. Оқушылар қандай жеңілдіктер бар деп сұрақтар қойып, жауаптарын алды.