Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    "Мазасыздықты жеңе біл" тақырыбында тренинг жүргізді

    27.01.2023

    "Мазасыздықты жеңе біл" тақырыбында тренинг жүргізді

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде мектеп психологы У.Ж.Базарбекова ҰБТ тапсыратын оқушыларымен қобалжу, қорқыныш сезімдерінен арылу жолдарын үйретуде және оқушы бойына сенімділікті қалыптастыруда  "Мазасыздықты жеңе біл" тақырыбында түзету - дамыту жұмысын жүргізді. Тренинг барысында: Сәлемділік хат, Бес қадам жаттығуы, суретті аяқта жаттығулары жүргізілді.

    "Сыңғырла соңғы қоңырау"

    25.05.2022

    "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын

    Бауыржан Момышұлы  атындағы орта мектебінде "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиынды мектеп  директоры А. Игенбекова биылғы мектеп бітіруші түлектерге, және оқушылармен ата-аналарға құттықтау тілегін айтты. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары  С. Дүйсенбаева  оқушыларды марапаттады. Мектебімізде  "Сыңғырла,соңғы қоңырау" салтанатты жиыны әсерлі көңіл-күйде, өз дәрежесінде өткізілді.

    Жадынама кеңестері

    13.05.2020

    Жадынама кеңестері.

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің психологы У.Ж.Базарбекова  11 сынып оқушыларының чатына мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алда мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру мақсатында жаднамалар таратып, кеңестер берді.

    Есте сақтау қабілеті

    12.05.2020

    "Есте сақтау қабілеті" тақырыбында

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің психологы У.Ж.Базарбекова 11 сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсету мақсатында  "Есте сақтау қабілеті" тақырыбында жаттығу, логикалық сұрақтарды шешу, жұмбақтар, мидың жұмыс істеуіне арналған тиімді әдістермен бөлісті

    Қорытынды аттестаттауға және емтиханға

    12.05.2020

    Қорытынды аттестаттауға және емтиханға

     Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің психологы У.Ж.Базарбекова 11 сынып оқушыларының ата-аналарының чатына мемлекеттік қорытынды аттестаттауға және емтиханға дайындық кезінде ата-аналардың оқушыларға қандай көмек көрсету туралы кеңестерімен бөлісті

    Оқуға жадынама

    29.04.2020

    Оқуға жадынама

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің педагог- психологі 

    Ұ. Базарбекова  9-11 сынып оқушыларының чаттарына мамандық таңдауда көзқарастарын дамыту, алда мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру  мақсатында оқушыларға жадынамалар таратып, кеңестер   берді.

    ҰБТ

    13.04.2020

    ҰБТ

    ⚡️ Биыл 9, 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайтын болды. Аттестатқа олардың жылдық қорытынды бағалары түседі.

    ⚡️ ҰБТ өткізу мерзімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында ҰБТ-ға дайындық сынама тесттерін тегін тапсыруға болады. Әр пән бойынша 70 нұсқа ұсынылған.

    Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы 9 (10)-сынып

    4.03.2020

    Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы

    9 (10)-сынып 
     Қорытынды бітіру емтихандары 
    4 емтихан, оның 1-еуі таңдау пәні 
    1. ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазба жұмысы (эссе), гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазба жұмысы (мақала, әңгіме, эссе);
    2. математика бойынша жазба жұмысы (алгебра); 
          3)   орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан; 
          4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика)»;

    Қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі

    4.03.2020

    Қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі

    Қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі

    4.03.2020

    Қорытынды аттестаттау және ҰБТ өткізу ережесі

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки