Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    «Мамандық -өмір таңдауы» тақырыбында түсіндірме жұмысы

     

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандық -өмір таңдауы» тақырыбында  атқарылған жұмысы туралы мәлімет  2019-2020 оқу жылы 

    2020 жылы қаңтар айының 27 –сі күні  Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде  кәсіптік бағдар беру мақсатында 2018 жылғы мектебіміздің түлегі Есенбеков Алмас және мектеп психологы У.Ж.Базарбекова  9-11 сынып оқушыларына «Кадет корпусына» оқуға түсуге түсіндірмелі  жұмысын жүргізді.    Есенбеков Алмас 9-11 сынып оқушыларына  «Кадет корпусына»  оқуға түсем деушілерге ақпаратпен бөлісті.                                                                                                                                                      Тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өту керек;  Әрі қарайғы кезеңдер тікелей Кадет корпусында өтіледі. Атап айтқанда, түбегейлі медициналық куәландыру және кәсіби психологиялық іріктеу, спорттық дайындығын тексеру және конкурстық іріктеу; Қабылдаудың әр кезеңінен өтуге бір ақ рет рұқсат беріледі; Алдыңғы кезеңнен өтпеген үміткер келесі кезеңге жіберілмейді;       

     Іріктеудің барлық кезеңдері ағымдағы жылғы тамыздың 1-і мен 20-ы аралығында өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер корпустың аумағанда орналастырылады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Аттестаттың орташа ұпайы 3,5 кем емес GPA 2-ден кем емес болуы тиіс. ҰБТ сертификаты және кешенді тестілеу /КТ/ нәтижелері қажет етілмейдігін айта кетті. 

    Есенбеков   Алмас 2019 жылы Кадет корпусында  2019 жылы 26 қаңтар күнінен бастап,   Ресей төтенше жағдайлар қызметінің азаматтық қорғаныс Академиясының өрт қауіпсіздігі және құтқарушы Кадет корпусы 14және 16 жас аралығындағы жеткіншек ұл балалардан  абитуриент қабылдайтындығын айтып өтті.  Кадет корпусы   физика-математика бағытындағы 10 сыныпқа қабылдайды. /бейіндік оқу пәндері «Математика», «Физика», «Информатика және АКТ»,  ағылшын тілі өтетіндігін айтып өтті.

    Білім беру процесі бюджет негізінде орта білім алу бағдарламасына сай жүргізіледі. Білім алушылардың ерте кәсіптік бағдар алуына және ары қарай Ресей ТЖ қызметінің жоғары оқу орындарына дайындалып түсуіне, әскери және де басқа мемлекеттік қызметке орналасуына зор мүмкіндіктері  бар. Кадеттер  Академия аумағындағы жатақханамен , азық – түлікпен , киім-кешекпен , медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Каникулда үйіне барып келуіне рұқсат етіледі. Ал, абитуриентке қойылатын талаптар: 

    Мемлекеттік қорытынды аттестаттауда 4 оқу пәнінен тапсыру: орыс тілі, математика, физика, информатика және АКТ – деп айтып өтті. Оқушылар қызығушылықпен түрлі сұрақтар қойып, жауабын алды. Кадет корпусына  Халилов М., Джафаров А., Қырғызбай Д. әскери оқуға түсетіндігіне үміт білдірді.    Осындай түсіндірмелі жұмыстар дұрыс жүргізілуі арқылы оқушылардың мамандық таңдауда оң нәтижеге қол жеткізе алатындығына сенімдімін. 

    27.01.2020

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки