ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ! Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі. Яғни, 30 тамыз - құжат тапсырудың соңғы күні. Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз. Қандай құжаттар қажет? * Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады) * Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады) * Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны) * Егу паспорты (052—2/у нысаны) * Баланың суреті (3*4 өлшемді). ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Бала үшін маңызды сәтте қолдау жасап, ата-ана мен ұстаздар қауымын өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз. Білім аламын деген әр бала назардан тыс қалмасын, олардың конституциялық құқығы қорғалсын. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында кез-келген азамат өздігінен ақпарат ала алады.«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу бойынша, жауапты маман көмек көрсететін болады. Мектептің мекен жайы:Жаңа жол ауылы. И. Мамедгасанов көшесі 76 үй тел: 87057176574