Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    "Алтын сақа" математикалық олимпиадасы

    1.10.2024ж
    "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңінен төмендегі оқушылар өтті.

    Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

    26.09.2024ж

    25.09.-28.09.2024 аралығында өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталды. Оған біздің мектептенде 9-11 сынып оқушылары қатысты.

           Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
    Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 20 қыркүйекке дейін тіркелуі тиіс.

             «Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде ұсынылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
             Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы); екінші кезең (іріктеу); үшінші кезең (республикалық).
           Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады.

    2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    25.05.2024

    Бауыржан  Момышұлы  атындағы орта мектебінің

      2023-2024 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

    Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата — аналар және  қонақтар!  «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер  жиынына қош келдіңіздер.Өткізілетін жиынның мақсаты балаларды, ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әрбір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеуболып табылады.

    Биылғы оқу жылының  басынан бастап, білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұр.. Барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

        Мектебіміз оқу жылының басынан бастап «Мың мектеп»жобасы аясында түрлі іс-шараларға қатысты.Тәжірибе аласу мақсатында аудан, облыс көлемінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, коучинг сабақтар өткізілді.Мектебіміздің 36 мұғалімі республикалық  «Педагогикалық шеберлік»журналына мақала, сабақтарын жариялап, тәжірибелерімен бөлісті.

        2023 -2024 оқу жылында мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылы негізінде тәрбие міндеттерін іске асыруда «Ата-аналар академиясын» құру, сондай-ақ «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 өнер» жобалары шеңберінде іс-шаралар өткізілді, мерейтойлық күндерге арналған сыныптан тыс іс шараларды ұйымдастыру маңызды аспектілер болып табылды. Тағы да бір ерекшелік, негізгі орта (5-8-сыныптардың 273 оқушысы,10  сыныптардың 51оқушысы, барлығы 324 оқушы академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.

        Мектебімізде барлық оқушы саны -604, екі ауысымда оқытылады, оқыту орыс, қазақ тілдерінде жүргізіледі.Барлығы 33 сынып комплектісі бар, бастауыш сатыда 233оқушы, орта буында -273 оқушы, жоғары сатыда 98 оқушы оқиды.Мектептегі педкадрлардың саны -80, оның ішінде  педагог-зерттеуші-11, педагог-сарапшы -17, педагог-модератор -28 педагог-тағылымдамашы -3. Бірінші санатты-2, санаты жоқтар -19мұғалім.

    Биылғы оқу жылын  11сыныпты  48 түлек, оның ішінде 24оқушыҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр.  9 сыныпты 60 түлек бітіргелі отыр,барлығы  № 6педкеңес шешімімен қорытынды аттестаттау тапсырғанға жіберілді.

    Педкадрлардың біліктілік санатын көтеруі жылдан жылға өсім беруде . Педегог-зерттеуші мен педагог  - сарапшылардың үлесі 35% құрайды.Басшы, басшы орынбасарларының біліктілік санатының деңгейін үш жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған үлесі -40%.құрайды.

     

     2023- 2024 оқу жылы ішінде мектепмұғалімдерінің төмендегідей жетістіктерін атапайтуға болады

    Мектеп ұжымы 2023 жылдың қазан айында «Мұғалімдер күніне»орай  Оқу -ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

     

     18мұғалім  түрлі пән олимпиадасынан,Республикалық «Педстарт»олимпиадасы, «Кенгуру для учителей»байқауларынан

     5 мұғалім облыстық байқаулардан

    19мұғалім  түрлі аудандық пән олимпиадалары, байқаулардан жүлделі орындар иеленіп,марапатталды.

     

     

    2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері

    Биылғы оқу жылынан бастап 9-11сынып оқушылары арасында «Ауыл мктептеріне  арналған»пәндік олимпиадасының  облыстық кезеңіне мектебіміздің 3оқушысы өтті.

     

    Республикалық марапаттар

    8сынып оқушысы Ауесхан Дарын  Шу ауданы бойынша «Айқанат» Республикалық кезеңге өткен 8 оқушының қатарынан табылды.

    Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала»Ұлттық зияткерлік олимпиадасында жеңімпаз атанған 6 сынып оқушысы Самет Ұлжан Дипломмен марапатталып, республикалық дарынды оқушыларға арналған мектепке жолдама алды.

    Республикалық- «Кенгуру», «Ақ бота», тб интеллектуалдық марафондардан 80оқушы

    Облыстық- ауыл мектептеріне арналған пән олимпиадаларында , спорттық жарыстарда  -7 оқушы,

    Аудандық-  әр түрлі байқаулар, пән олимпиадаларында 42оқушы жүлделі орындарға ие болды.

     

    Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата — аналар және кеш қонақтары

    Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.

    Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

    Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Бауыржан Момышұлы –ұлтымыздың рухани қаһарманы.

    22.12.2023

    2023-2024  Тәрбие мазмұнын айқындауда әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтініне тоқталды. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қолға алуымыз керек. 

     Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

    Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.

     Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

      «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

    «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

    Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

    2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылады. 

    Айта кетейік, барлық өңірде  білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Сондай тұлғалардың бірі - XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы, белгілі жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, Кеңес Одағынының батыры, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы.

    Батыр 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітіріп, біраз уақыт мұғалім болған. Кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. Кеңес әскерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарда 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты, 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамамен аман-есен дивизиясына қосылды. Халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына 1990 жылдың 11 желтоқсанында «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ берілді.

    Мектебіміздің аты бүгін өмірі – өнегеге, жазған мұралары – патриоттық өсиетке толы, елі мен туған жерін нағыз сүйген, оған қашан да адал қызмет еткен, сын сағатта оны жан аямай қорғаған және қол бастап, жауды жеңуге ерен үлес қосқан ер - Бауыржан Момышұлы атамыздың есімімен аталғанына мақтанамыз.

     

    Қазақстан Республикасының Ән Ұраны

    Қазақстан Республикасының Әнұраны

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде әр дүйсенбі күні 1-11 сынып оқушылары мен ұстаздары Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
    « Әнұран» 
    Барша халық таныған,
    Біздің үміт, тілекті.
    Шырқалғанда Әнұран,
    Шаттық кернер жүректі.
    Жеңіс туын көтерген,
    Жарыстарда сан қилы.
    Жетіп бізге шет елден,
    Көкке Әнұран шалқиды.
    Шәмші атаның сазды үні,
    Жігер беріп қайратты.
    Бәрімізді мәз қылып.
    Жаңғыртады аймақты.

    Білімді ұрпақ – білімді ел!

    31.05.2023

    Білімді  ұрпақ – білімді ел

            Ұлы  ақын,қазақ әдеби  тілінің   негізін  қалаушы,философ, аудармашы Абай Құнанбаев он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылық...» – деген терең ой қалдырды. Әрине, «оқу инемен құдық қазғандай», дегенмен, еліміздің жастарын білім алуға, ғылым жолына қадам жасауға «Қолжетімді интернет» жобасы іске асырылуда.

    17 мамыр Астанада «Қазақстан халқына» Қоғамдық  Қоры ұйымдастырған «Білімді  ұрпақ – білімді  ел» білім   беру  конференциясы  өтті. Іс – шараға  ҚР   Премьер – министрінің   орынбасары  Алтай  Көлгінов, Оқу – ағарту министрі  Ғани   Бейсембаев, Ғылым  және  жоғары   білім   министрі  Саясат   Нұрбек, ҚР  Парламент депутаттары, Ы. Алтынсарин  атындағы  ҰБА   президенті  Мадина  Тыныбаева қатысты. Сонымен  қатар тірек және  арнайы   мектептердің  директорлары  мен «Арман   И нжиниринг» компаниясының   қолдауымен  робототехника  кабинеттерін   ашқан  мектеп  директорлары,ЖОО ректорлары, серіктестер, жетекші  сарапшылар,Қордың  Қамқоршылық   кеңесі  мен  Сараптама   комитетінің  мүшелері қатысты. Конференция  аясында   қазақстандық  білім  беру   сапасы, ауыл  мектептерінің  әлеуетін   дамыту, инклюзивті  білім  беру, педагагтерді аттестаттау, білім  берудегі   цифрландыру және тағы да басқа   өзекті мәселелер қаралды.

     

     

    Ы.Алтынсарин  атындағы   ҰБА  президенті  Мадина   Тыныбаева  конференцияға  қатысушыларды   ауылдық  және  шағын   жинақты  мектептерді  қолдау   мен  дамытуға, цифрлық  білім   беру  ортаны құруға  бағытталған   жобаларды  іске  асыру   жөніндегі  Академияның  қызметі туралы  хабардар   етті 

    Білімге жаны құмар еліміздің жастары үшін жеткілікті деңгейде білім алуға мүмкіндік мол. Қазақстанда мектеп жасындағы балаларға негізгі мектеп курсынан бастап өз білімін жетілдіруге мектеп – лицейлері мен гимназиялар жұмыс істесе, мектепті тәмәмдаған шәкірттер үшін жан - жақты білім көздерімен жабдықталған жоғары оқу орындары да жеткілікті. Сонымен қатар халықаралық деңгейде білім беретін жоғары оқу орындары да жоқ емес. Атап айтсам, Назарбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық, университеті, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті т.б.

    Бүгінгі өскелең ұрпақ-еліміздің ертеңгі болашағы. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Біз кешегі бабамыз бен ғана емес, бүгінгі бағымызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойластыруымыз керек. Бұл біздің болашағымыздың жарқын болуы үшін, жан-жақты терең білім алып, өткеннен үлгі ала отырып, өзіміз ертеңгіге үлгі болуымыз керек деген сөз. 

    Болашақ - бүгінгі жас. Ол білімді де саналы болса, алыңғы қатарлы дамыған елдің  жастарымен бәсекелестікке түсе алатын қабілетті, жан-жақты дамыған құзіретті тұлға, мемлекетіміздің іргетасын мықты, болашағын жарқын болары сөзссіз.

     

     Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек

    Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта-оның ұлттық мектебі. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деп, ұлт болашағын ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін көрсеткен.

    Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. 

    Өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсу үшін біз де білімге көңіл қоюымыз қажет. Өйткені, адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін тек қана – білім. Халық даналығы да: «Жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады», – деп білімді адамның берері көп екенін айтып кеткен. Ғылымның  қыр – сырын  меңгеріп,бойындағы  бар   білімін  оқушыларына  сіңірген   ұстаздарымыз қаншама!

    Конференциядан   көңіліме  түйгенім  көп   болды.Алған  әсерім  керемет, бір   ауыз  сөзбен  жеткізу   мүмкін  емес.Сіздерге үлкен рақмет айтамын.

     

     

    ҰБТ тапсыруға ниет білдірген оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өтті.

    24.10.2023

    ҰБТ тапсыруға ниет білдірген оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өтті. 

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде  қазанның 19 күні  ҰБТ  тапсыруға ниет білдірген   оқушылардың ата-аналарымен  жиналыс өтті.
     2023-2024 оқу жылында ҰБТ тапсыратын мектеп бітіруші түлектер саны 23 оқушы. Жиналысқа 15  түлектің ата-аналары қатысты.  Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
    1.  Aта-аналарды ҰБТ тапсыру ережесімен таныстыру
    2. «ҰБТ ге дайындық барысында   баланың  өміріндегі ата- ана рөлі» психологиялық көмек көрсету
    .Күн  тәртібіндегі   мәселе  бойынша   мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Э.Сагимбекова  сөз  алды,2024 жылы ҰБТ қалай өтеді? –деген сұрақтан бастады. Ата-аналарға тестілеу форматы өзгермегендігі , ескіше 120 сұрақ, 140 балл,  3 міндетті және 2 таңдау пәндері бойынша, таңдаған бағыт бойынша тапсыратындықтарын айтты.
    2024 жылғы ҰБТ-да тест сұрақтарының саны өзгереді, сондай-ақ бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тестілеу уақыты қысқарады. 
    Алайда "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады. Бұл өзгерістер – тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарына сәйкестігі бағытындағы жұмыстардың қисынды жалғасы", – деп  айтып өтті.
    ҰБТ тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалды. Жалпы 120 сұрақ, 140 балл:
    Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
    Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
    Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;
    екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.
    Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді. Бұрын 4 сағат (240 минут) берілген. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын  ескертті.
    Шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлер "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәндерімен қатар "Математикалық сауаттылықты" міндетті пән ретінде тапсырады. "Математикалық сауаттылықтан" тест тапсырмалары өмірде математикалық логика бойынша алған білімдерін, дағдыларын қолдана алуын тексеруге бағытталған. Сондықтан бұл пән барлық талапкерге міндетті", – деп атап көрсетті.
    Осы мәселенің төңірегінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Дюсембаева  ҰБТ  тапсыруға ниет білдірген оқушылардың тізімі алынып, олармен онлайн байқау сынықтары өткізілгенін айтып өтті.  Байқау сынақ қорытындысы талданып,  пән мұғалімдері қатемен жұмыс жүргізіп, әр пән бойынша қорытындыланып отырғанын атап көрсетті.
    2024 жылы талапкерлер биылғыдай ҰБТ-ны бес рет тапсыра алады. Оның екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік берсе, қалған үшеуі ақылы оқуға түсуге мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.
    Күн тәртібіндегі екінші мәселеге мектеп психологы Базарбекова У.Ж. ата-аналармен оқушыларға психологиялық кеңестер беріп, тренинг жүргізді.  Ата-аналарға :балаларының тестілеуде балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз және де балаңызды сынақтан кейін сөкпеңіз, сынамаңыз. Балаңыздың алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз. Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Әрдайым балаңызды қолдап отырыңыз.Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс. 
          Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. 
    Балаңызға материалдың жаттанды мәнін түсінбесе  балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Тестілеу  болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн. 
    Балаңызға кеңес  беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз: 
    Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады; Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәнданса, оны белгілеп қойып, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан жауап болады;  Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңдап не интуициясына жүгіну  қажет. 
    Есіңізде болсын: ең бастысы — бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және дайындалуға  жақсы жағдай жасау-керектігін айтып өз сөзін аяқтады. 
    Жиналыстың шешімі төмендегімей болды:
    1.ҰБТ ге дайындық  жұмыстры жалғасын тапсын. Онлайн байқау сынақтары жүргізілсін.
    2 Мектеп психологы У.Ж.Базарбекованың психологиялық кеңес беруі жүзеге асырылсын.

    Құрметті ата - аналар!

    26.05.2023

    Құрметті ата-аналар!

    Құрметті ата-аналар!
          «Бауыржан Момышұлы  атындағы орта мектебі» КММ-НІҢ әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, көліктерде серуендеуге, табиғатқа  саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді! 
       Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында: 
    - мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу, 
    - мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу,
    - бірыңғай мектеп формасын кию,
    - соңғы қоңырауда көлікте серуендеу, 
    - кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау  керек.
       Емтихан  кезінде ақша жинамау, дастархан жаймау керектігін ескертеміз!

    "Низами" азербайжан диаспорасына алғысымызды білдіреміз

    24.05.2023

    "Низами" әзірбайжан диаспорасына алғысымызды білдіреміз!

    Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В. Мирзаевтың ұйымдастыруымен "Низами" әзірбайжан диаспорасының демеушілігімен мектебіміздің   халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орын алған оқушыларымызға киелі Түркістан қаласына  саяхатқа жолдама берілді. "Низами" әзірбайжан диаспорасына алғысымызды білдіреміз.

    Алгоритм действий на угрозы чрезвычайных ситуациях

    16.05.2023

    Алгоритм действий на угрозы чрезвычайных ситуациях.

    В средней школы имени Бауыржана Момышулы 12.05.2023 года, была проведена беседа с методом рассказа и показа на тему : Алгоритм действий на угрозы чрезвычайных ситуациях.

    "Еркін ел ұрпағы" атты жалпы жалпыұлттық диктант

    10.05.2023

    Бауыржан Момышұлы атындағы  орта мектебінде   "Еркін ел ұрпағы" жалпы жалпыұлттық  диктантты ұйымдастырылды.

     Мақсаты:
    Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу,ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки